Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Олжас Бектенов CITIC Construction басшысы Ян Цзяньцянмен инфрақұрылымды дамытудағы ынтымақтастық мәселесін талқылады

17-04-2025, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Премьер-министр Олжас Бектенов CITIC Construction Co., Ltd. төрағасы Ян Цзяньцянмен кездесті. Ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастық мәселелеріне назар аударылды.

Сондай-ақ ұзындығы 768 шақырымды құрайтын «Талдықорған – Өскемен» және 363 шақырым болатын «Қарағанды – Балқаш» автожолдарын реконструкциялау, Сaspi Bitum жол битумын өндіру зауытын жаңғырту бойынша бірлескен жұмыстардың нәтижелері талқыланды.

Премьер-министр құрылыстың сапалы әрі уақтылы жүргізілуін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтіп, өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

Өз кезегінде CITIC Construction Co., Ltd. төрағасы Ян Цзяньцян агроөнеркәсіп секторындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив