Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.9 593.5 6.39

«Ұлттық кітап күні» мерекесіне арналған іс-шаралар апталығы басталды

17-04-2025, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

«Ұлттық кітап күні» мерекесі аясында өтетін іс-шаралардың апталығы басталды.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Ұлт және ұлттық кітап» атты ашық есік күні өтті.

Іс-шараның мақсаты – қаламгер, кітап және оқырман арасындағы байланысты нығайтып, мәдени-рухани құндылықтарды қоғамға жан-жақты насихаттау, интеллектуалды жастарды ынталандыру.

Ашық есік күні аясында кітапханадағы жаңартылған коворкинг орталығының салтанатты ашылуы өтті. Заманауи форматтағы бұл кеңістік оқырмандардың бірлесіп жұмыс істеуіне, пікір алмасуына, білімін жетілдіруіне мүмкіндік береді.

Сондай-ақ «Кітап – ұлттық құндылық» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, отандық әдебиетті қолдауға бағытталған тәуелсіз жоба — Mecenat.kz әдеби сыйлығы таныстырылды. Дөңгелек үстелде Эстония Елшісі Яап Ора, ақын-драматург Баянғали Әлімжанов, профессор Әсима Ишанова, жазушы Нартай Сауданбекұлы, сыншы Амангелді Кеңшілікұлы және басқа да зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, әдеби шығармалар арқылы ұлттық әдебиетке қолдау көрсетудің маңызын атап өтті.

Сонымен қатар іс-шара аясында ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Роза Мұқанованың «Кітап – ақыл нұры» атты шеберлік сабағы, «Айнадан/Зазеркалье» сурет көрмесі және мектеп оқушыларына арналған «Озық ой алаңы» атты book quiz ұйымдастырылып, журналист Мәншүк Шымырбайдың «Dana. The World Citizen» деректі фильмі көрсетілді.

«Ұлттық кітап» күніне орай еліміздің барлық өңірінде ашық есік күндері, кітап фестивальдері, көрме-жәрмеңкелер, баспагерлер және кітап дүкендерімен бірлескен жобалар ұйымдастырылды. Бұл акцияларға республика бойынша 25 000-ға жуық адам қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив