Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
515.03 584.82 6.24

Мәжіліс зияткерлік меншікті қорғау мәселелері туралы заң жобасын қарайды

18-04-2025, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Депутаттардың талқылауына Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында әзірленген зияткерлік меншік мәселелері бойынша заң жобасы бірінші оқылымда қарау үшін енгізіледі.

Үкімет әзірлеген заң жобада зияткерлік меншікті қорғау мен оның құқықтарын қамтамасыз ету, зияткерлік меншікті дамытуға қолайлы жағдай жасау, инвестициялар тарту және креативті экономиканы дамыту үшін қосымша құқықтық құралдар қарастырылған.

Сондай-ақ, жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасына депутаттардың бастамасымен әзірленген орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда қарау ұсынылады.

Депутаттық түзетулер суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарын, ауыл шаруашылығы, биологиялық, ирригациялық-мелиоративтік және балық шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу және оқу орындарының тәжірибелік алқаптарының, сондай-ақ орман және су қорларының жерлерін ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары мен сел, көшкін, лай көшкінінен қорғау құрылыстарын салу және пайдалану үшін алып қоюға рұқсат беруді көздейді.

Сонымен қатар ауылдық елді мекендердің және/немесе әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылым нысандарын орналастыру мақсатымен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету желілерінің коммуникацияларын салу үшін мемлекеттік орман қорының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыруға рұқсат беруді көздейді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив