Cемей-0°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.9 593.5 6.39

Сенатта 2025 жылдан бастап ЕАЭО аясында мүлікті бағалау қызметтері бірыңғай нарығына көшу мәселесі талқыланды

Кеше, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен «2025 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақта мүлікті бағалау жөніндегі қызметтердің бірыңғай нарығына көшу шеңберінде бағалау қызметін жетілдіру мәселелері» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесуді ашқан Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов бағалау қызметін дамыту жаңа жағдайларға уақтылы бейімделуді қажет ететінін атап өтті. Ол тиімді шешімдер қабылдау үшін барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын баса айтты.

«Бүгінгі кездесудің мақсаты – бағалау қызметін дамытудағы негізгі бағыттарды, соның ішінде Қазақстандағы және ЕАЭО-ның ортақ нарығындағы жағдайларды талқылау. Біз қазақстандық мамандардың шетелдік нарықтарға шығу мүмкіндігін, қызмет көрсету сапасын арттыру және тұтынушылардың құқықтарын қорғау шараларын қарастырып отырмыз. Бірыңғай нарыққа көшу бағалаушылардың кәсіби және этикалық қағидаттарын күшейте отырып жүзеге асуы қажет», – деді сенатор Мәкежанов.

Кездесу барысында Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл бағалау жүйесінің қазіргі жай-күйі мен негізгі өзгерістері туралы баяндады. Ол 2018 жылдан бері күшінде тұрған «Бағалау қызметі туралы» заңға сәйкес, бағалаушыларды лицензиялау жүйесі жойылып, оның орнына жеке тұлғаларды өзін-өзі реттеу және сертификаттау тетігі енгізілгенін еске салды. Бүгінде елімізде 1700-ден астам маманды біріктіретін 4 бағалаушы палатасы жұмыс істейді. Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетімен бірлесе отырып, олардың қызметіне бақылау жүргізіп келеді. Бұл жұмыстар профилактикалық тексерулер мен арнайы тізілімдерді жүргізуді қамтиды.

Кездесу соңында қатысушылар ЕАЭО аясында бағалау қызметтерінің бірыңғай нарығына біртіндеп және тиімді көшуге бағытталған бірлескен іс-қимылдарға дайын екендіктерін білдірді. Бұл қазақстандық бағалаушылардың кәсіби дамуына және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив