Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.9 593.5 6.39

Еңбекминінде «Ата жолы» картасын беру тетігін жетілдіру жөніндегі шаралар талқыланды

Бүгін, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев мүдделі мемлекеттік органдардың, «Отандастар қоры» КЕАҚ, «Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы» РҚБ өкілдерімен және қоғам қайраткері Ауыт Мұқибекпен бірлесіп «Ата жолы» картасын беру тетігін жетілдіру мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Асқарбек Ертаев ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) этникалық қазақтардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Ол сондай-ақ басқа елдердің азаматтары болып табылатын этникалық қазақтардың тарихи Отанымен байланысын нығайту және жоғары білікті кадрларды тарту мақсатында 2023 жылы енгізілген «Ата жолы» картасы туралы айтып берді.

Сонымен қатар қоғам қайраткері Ауыт Мұқибектің «Ата жолы» картасын беру тетігін жетілдіру жөніндегі ұсыныстары тыңдалды.

Өз кезегінде Асқарбек Ертаев айтылған бастамалардың өзектілігін атап өтіп, Министрлік осы салада заңнамалық түзетулер әзірлеп, одан әрі талқылау үшін мүдделі мемлекеттік органдарға ұсынатынын айтты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив