Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
518.81 596.27 6.63

Ербол Мырзабосынов Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының басшылық құрамына енді

21-04-2025, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының басшылық құрамына енді. Бұл туралы  Санкт-Петербург қаласында өткен «Дәстүрлі спорт түрлерін қайта жаңғырту» атты VII Этноспорт форумы барысында Конфедерация президенті Біләл Ердоған ресми түрде мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстан ұлттық спортты жүйелі түрде дамытып келе жатқан жетекші елдердің бірі ретінде халықаралық қауымдастықта үлкен сенімге ие.

Форумға 75 елден делегаттар мен сарапшылар қатысты. Басқосу аясында дәстүрлі спорт түрлерін дамытуға арналған тақырыптық сессиялар, пікірталастар және стратегиялық кездесулер өтті.

Біләл Ердоған: «Қазақстан этноспортты жаңғыртуда үлгі боларлық қадамдар жасап келеді. Бұл тәжірибенің халықаралық маңызы зор. Министр Ербол Мырзабосыновтың басшылық құрамға енуі – осы сенімнің дәлелі», – деп атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив