Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.53 601.01 6.43

Аягөз ауданында алғаш рет «KitapҰstar» кітап оқу байқауы өтті

Бүгін, 08:33 Думан Кенжеғазыұлы

Аягөз ауданының «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мәдениет үйінде аудан көлемінде «KitapҰstar» атты кітап оқу байқауы ұйымдастырылып, жас оқырмандардың рухани дамуына серпін беретін игі шараға айналды.

Байқауды ұйымдастырудағы негізгі мақсат – жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, әдеби шығармаларды терең түсіне білуге дағдыландыру, тіл мәдениетін жетілдіру, сындарлы ойлау қабілетін дамыту және шығармашылық әлеуетін шыңдау болып табылады.

Аталған байқауға Аягөз ауданына қарасты 27 мектептен келген оқушылар мен жетекші ұстаздар қатысты. Қатысушылар үш кезең бойынша өз білімдерін, көркем сөзге деген сүйіспеншіліктерін және шығармашылық қабілеттерін ортаға салды.

Шара соңында байқауда озық нәтиже көрсеткен оқушылар мен олардың жетекшілері арнайы дипломдармен марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ байқауға қатысқан ұстаздар мен ата-аналар, мәдениет саласының өкілдері жас ұрпақтың әдебиет пен білімге деген ынтасын қолдаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

«KitapҰstar» – жас буынды рухани дамуға, кітап оқудың мәні мен маңызын терең түсінуге жетелейтін маңызды мәдени-танымдық жоба. Алдағы уақытта бұл байқау дәстүрлі түрде жалғасын тауып, кең ауқымда ұйымдастырылмақ.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив