Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
467.63 547.69 6.36

Аягөзде су құбыры желілері жаңғыртылып жатыр

22-04-2025, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Аягөз қаласында «Су құбыры желілерінің және құрылыстарының қайта құруы, 5-кезек (су құбыры желілері)» жобасы аясында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Аталған жоба шеңберінде қаладағы 27 көшеде су құбыры желілерін қайта жаңарту жоспарланған. Жаңғыртылатын желілердің жалпы ұзындығы 48 286 метрді құрайды.

Жобаның бас мердігері – «СМУ-Шығыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Қазіргі уақытта 9 шақырымнан астам су құбыры желісі тартылды. 2025 жылдың соңына дейін тағы 20 шақырым желіні тарту көзделіп отыр. Жобаны толық аяқтап, нысанды пайдалануға беру 2026 жылдың соңына жоспарланған.

Бұл жоба Аягөз қаласының сумен қамту сапасын арттырып, инженерлік инфрақұрылымды жақсартуға, сондай-ақ тұрғындардың өмір сүру жағдайларын айтарлықтай жақсартуға бағытталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив