Абай облысының аудандарында ХҚКО қызметкерлерімен кездесу өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаментінің Оңтүстік аймағы бойынша ауданаралық бөлім қызметкерлері Үржар және Мақаншы аудандарының Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) қызметкерлеріне жаңа заң нормаларын, Қылмыстық және Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстеріне енгізілген тиісті түзетулері туралы егжей-тегжейлі түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сондай‑ақ, дәрісте халыққа сапалы қызмет көрсетудегі «Заң мен Тәртіп» қағидатын ұстанудың маңыздылығына ерекше назар аударылды, жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін қолданылатын әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түрлері, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілердің міндеттері мен жауапкершілігі нақтыланды.
Іс‑шара барысында жемқорлық туралы хабарлаған азаматтарға берілетін сыйақылардың мөлшері мен оны алу тәртібі таныстырылып, мемлекеттік бағдарламалар арқылы жемқорлық тәуекелдерін алдын алу механизмдері қарастырылды.
Кездесуді қорытындылай келе, ХҚКО басшылығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және заңнамалық талаптарды ұстану барлық қызметкерлердің ортақ міндеті екенін айтып, тұрғындарға ашық және сапалы қызмет көрсету арқылы жемқорлық көріністеріне жол бермеуге шақырды.