Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Семейде сенбілікке 10 000-нан астам адам қатысты

1-04-2023, 13:02 Думан Кенжеғазыұлы

Еліміздегі аса өзекті проблемалардың қатарына қоршаған ортаны қорғау мен экологиядағы өзекті мәселелер жатады. Осы жағдайға қатысты бүгінгі таңда елімізде түрлі ауқымды шаралар жүзеге асырылып келеді. Табиғат байлықтарын сақтау жер бетінде өмір сүріп жатқан халықтардың өмірі мен қызметін, мемлекеттердің тұрақты экономикалық дамуының және әл-ауқатын арттырудың негізі болып саналады. Ал қоршаған ортаны, ондағы жасыл желекті аялау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен оның байлықтарын сақтау және көркейту әрбір адамзаттың міндетіне кіреді.

Бүгін осы мақсатта Семей қаласында «Таза табиғат» акциясы және көктемгі экологиялық екі айлық аясында ауқымды жалпықалалық сенбілік өтуде. Оған 3 мыңнан астам кәсіпорын мен 10 мыңға жуық қала тұрғындары қатысты. Сенбілікке қала тұрғындары, мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік ұйымдардың, жоғары және орта оқу орындарының, шағын және орта бизнес субъектілерінің, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару органдарының қызметкерлері, жеке сектордың үй иелері шықты. 

Санитарлық тазалауды және қоқысты жинауды қамтамасыз етуге арнайы техника, оның ішінде 20 тиегіш пен 50 самосвал көлігі жұмылдырылды. 

Сағат 13:00-де сенбілікке қатысушылар жинаған 200 тоннадан астам қоқыс полигонға шығарылды.

Семей қаласы әкімінің аппараты бүгінгі сенбілікке қатысқан қаланың барлық қамқор тұрғындарына өз алғыстарын білдірді.

«Бүгінгі сенбілікке қатысқан әрбір азаматқа, бей-жай қарамай белсенді атсалысқандары үшін алғыс білдіреміз. Сүйікті қаламызды таза ұстайық!», - деді әкімдік.

Айта кетейік, бүгінде елімізде экология саласындағы қозғалыстар мен түрлі жобалар бар. Жастар мен студенттер еліміздегі қайта өңдеу саласын дамыту, энергия үнемдеу мен қоршаған ортаның өзекті мәселелері бойынша өз жобаларын ұсынып, өзекті проблеманы шешуге атсалысып келеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив