ҚР ИИДМ басшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев азаматтарды жеке мәселелеріне байланысты қабылдап, оның барысында тұрғындардың өтініштері қаралды.
Өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй беру, абаттандыружұмыстары, жол құрылысы және басқа да мәселелерді қамтыды.
Мәселен, Шымкент қаласының тұрғындары Гаухар Амалбаева мен Лилия Яркаева баспана беру мәселесін шешуге көмектесуді өтінді. Азаматшалардың айтуынша, олар «толық емес отбасы» санатына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспанаға мұқтаждардың есебінде тұр. Өз кезегінде Марат Қарабаев «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына сәйкес қажетті құжаттарды ұсыну арқылы өтініш жолданған сәттен бастап, мемлекеттік тұрғын үй қорындағы баспана кезектілік тәртібімен мұқтаждардың есебінде тұрған азаматтарға берілетінін айтты. Коммуналды тұрғын үй қорынан немесе жергілікті атқарушы органдардың көмегімен жеке тұрғын үй қорынанжалға алынған баспанаға тоқталсақ, оны тұрғын үй комиссиясының шешімі негізінде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша ЖАО беретіні түсіндірілді.
Бұл ретте аталған тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең жағдайда сақталатынын айта кеткен орынды. Тек соғыс ардагерлерін, жетім және ата-ананыңқамқорлығынсыз қалған балаларды, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлерін немесе бұған дейін «Батыр Ана» атанған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен наградталған көп балалы аналарды әрі көп балалы отбасыларды есепке алмағанда, ешкімге қандай да бірбасымдық берілмейтінін ескерген жөн.
Ал Қостанай қаласының тұрғыны Алдан Менкеев министрден шетелдік бланкілерді алуға көмектесуді сұрады. Осы орайда халықаралық жүк автотасымалы Қазақстан мен шет мемлекеттердің үкіметтері арасында жасалған келісімнің негізінде жүзеге асырылатынын айта кету керек.Яғни, әр автокөлікке шетелдік рұқсат құжаты беріледі. Қазір42 елмен тиісті келісімдер жасалып, олармен жыл сайын рұқсат бланкілерімен алмасу жұмыстары жүргізіліп тұрады. Оларды айырбастауға байланысты квота мөлшері отандық тасымалдаушылардың мүдделері мен ішкі нарықты қорғауды ескере отырып, сондай-ақ салалық қауымдастықтың ұсыныстары негізінде айқындалады.
Сондай-ақ өздерінің халықаралық жүк автотасымалынарығындағы мүддесі мен тасымалдаушыларын қорғау мақсатында жекелеген елдер географиялық басымдықтарын пайдаланып, еліміздің азаматтарына бланкілердің қажетті санын бөлуді шектей бастағанын ескеру қажет. Мұның салдарынан кейбір елдерге байланысты рұқсат бланкілерінің айырбастау квотасы аз болып тұр. Ал қолда бар шетелдік рұқсат құжаттары автоматтандырылған жүйе арқылы отандық тасымалдаушылар арасында бөлінетінін айта кетейік.
Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыны Әлжан Әбдіқайымов өңір халқының атынан республикалық және жергілікті маңыздағы жолдардың жағдайына қатысты өтінішін жеткізді. Оның сауалына сәйкес, Сарыағаш қаласын айналып өтетін Өзбекстан Республикасына Қонысбаев өткізу пункті арқылы шығатын ұзындығы 102 шақырымға жалғасып, 4 жолақты қозғалысты қарастыратын I техникалық санаттағы республикалық маңыздағыавтомобиль жолының құрылысы көзделіп отырғанытүсіндірілді. Айталық, 2024 жылы тиісті жұмыстарды қолға алып, бұл жобаны ЕРСМ-келісімшарты негізінде жүзеге асыру жоспарланған. Бұған қоса биыл Жизақ – Гагарин –Жетісай – Киров – Қызыләскер – Абай – Сарыағаш – Жібек жолы бағытындағы А-15 автожолын нормативтік жағдайға келтіру үшін 74-220 шақырымның 48 шақырымына орташа жөндеу жүргізу көзделіп отыр. Қазір конкурстық рәсімдер аяқталып, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындайтынмердігер ұйым анықталды. Аталған автожолдың қалған учаскелері бюджет қаражатының бөлінуіне байланысты кейінгі жылдары кезең-кезеңмен жөнделеді.
Марат Кәрімжанұлы барлық өтінішті жіті қарап, оларды жеке бақылауда ұстайтынын жеткізді. Сонымен біргежауапты органдарға тиісті тапсырмалар берілгенін атап өткен жөн. Бұдан бөлек азаматтардың көкейкесті мәселелері бойынша заң нормалары түсіндіріліп, оның ішінде баспана алудың тең әрі әділ мүмкіндіктерін қарастыратын қазіргі тұрғын үй саясаты туралы ақпарат берілді.
Естеріңізге сала кетейік, азаматтарды жеке қабылдаупроцесі ведомствоның ашықтығын іс жүзінде көрсетіп, жолданған сауалдарды атаулы түрде тиімді шешугебағытталған.