Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
518.07 595.21 6.37

Көкпекті ауданының экономикасында тұрақты өсім байқалады

Бүгін, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысына қарасты Көкпекті ауданы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің тұрақты өсімін көрсетіп отыр. 

Былтыр 9 ауылдық округ пен 28 елді мекенді қамтитын, 13 032 тұрғыны бар аудан түрлі салада айтарлықтай жетістіктерге жетті.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихаты барысында аудан әкімі Әділет Қожанбаев 2024 жылғы негізгі жетістіктер мен 2025 жылға арналған жоспарлар туралы баяндады.

Аудан экономикасы өткен жылы елеулі өсім көрсеткен. Көтерме сауда көлемі 497,9%-ға, инвестициялар 227%-ға, ауыл шаруашылығы 113,6%-ға, бөлшек тауар айналымы 107,4%-ға, өңдеу өнеркәсібі 118,8%-ға, құрылыс саласы 186,4%-ға артты. Сонымен қатар, тұрғын үй құрылысы 177,8%-ға өскен.

– 2025 жылы бұл оң динамика жалғасады деп күтіп отырмыз. 2024 жылы қол жеткізген нәтижелеріміз – болашақ даму үшін берік негіз. Мақсатымыз – осы қарқынды сақтап қана қоймай, өз кіріс көздерімізді арттыру арқылы халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған жобаларды іске асыру, – деді Әділет Қожанбаев.

2023 жылы ауданның меншікті кірістері 932,6 млн теңгені құраса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 1,3 млрд теңгеге жетті. Ал 2025 жылы 1,7 млрд теңгеге жеткізу көзделіп отыр, бұл – 30%-ға өсім деген сөз. Бұл қаражат әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив