Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
509.51 570.6 6.3

Абай облысындағы 233 ауыл мектебіне 13 мыңнан астам кітап таратылды

24-04-2025, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында «ASSYLTAS» қоғамдық қорының бастамасымен, облыс әкімдігі мен халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының қолдауымен «Артық білім кітапта» жобасы жүзеге асты.

Дүние жүзілік кітап күніне орай ұйымдастырылған жоба аясында өңірдегі 233 ауыл мектебіне жалпы саны 13 980 дана кітап жеткізілді. Әр мектепке арнайы әзірленген қорап ішінде 60 түрлі кітаптан құралған жинақ берілді. Бұл жинаққа қазақ және әлем әдебиетіндегі балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік шығармалар енген. «Қазақ тарихының әліппесі», «Алаш жылнамасы», «Қош бол, майдан», «Соңғы соққы», «Ағыраптағы аты жоқ адам» секілді рухани мазмұны терең шығармалар бар.

Жобаның мақсаты – ауыл мектептерінің кітапханаларын мазмұнды кітаптармен толықтырып, балалардың кітап оқуға деген ықыласын арттыру, Абай өңірінде оқу мәдениетін дамыту. Бұл бастама балалардың ойлау қабілетін арттыруға және тілдік қорын байытуға ықпал етеді.

Кітаптар Аягөз қаласынан өңір мектептеріне жөнелтілді. Аудандық, қалалық білім бөлімі басшылары, ауыл мектептерінің кітапханашылары ерекше қуанышпен қабылдады.

Кітаптар тек таратылып қоймай, олардың оқылуы да назарда болады. Жыл соңында осы жинақтар бойынша оқушылар арасында байқау ұйымдастырылып, үздіктерге бағалы сыйлықтар табысталады.

«Артық білім – кітапта» – әр баланың болашағына салынған іргетас. Біз осы арқылы өзге өңірлердегі кәсіпкерлер мен елге жанашыр азаматтарды да кітап сыйлауға үндеуді мақсат етеміз. Өйткені, кітап оқитын бала – ұлттың үміті. Ал кітапты құрметтейтін халық – мәңгі жасайтын ұлт», – дейді жоба авторы Дулат Тастекей.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив