Cемей32°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
473.59 544.68 5.94

Демократияны біреудің қаржысымен орнатуға болмайды - Президент

24-04-2025, 12:14 Думан Кенжеғазыұлы

Президенттің айтуынша, өздерін сөз еркіндігінің жақтаушысы ретінде көрсеткісі келетін кейбір құқық қорғау ұйымдарының өкілдері, блогерлер мен журналистер, шын мәнінде, арандатумен айналысып жүр.

«Еліміздің әл-ауқаты, соның ішінде демократия мен сөз бостандығы үшін шетелде ешкімнің басы ауырып, балтыры сыздамайды. Оны нақты түсінген жөн», - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы этносаралық келісім мен бейбітшілікке нұқсан келтіретін кез келген арандатуға қатаң тосқауыл қойылатынын ерекше атап өтті.

«Қазақстанда проблема жоқ демейміз. Әрине, басқа елдердегідей бізде де түйткілдер бар. Бірақ біз оны әлдекімдердің әдістемесімен емес, өзіміздің ұлттық мүддеміз бен заңнама аясында шешеміз», - деп атап көрсетті Президент.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив