Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
515.03 584.82 6.24

Семей қаласының ғимараттарын декоративті жарықтандыру жұмыстары жалғасады

Бүгін, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Семейдің түнгі ажарын айшықтап, тұрғындар мен қонақтарға тартымды орта қалыптастыру мақсатында қаланы декоративті жарықтандыру жұмыстары жалғаспақ. Осыған орай қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев мердігер ұйым өкілдерімен кездесу өткізді.

Кеңес барысында жарықтандырылатын тұрғын үйлер, әкімшілік және әлеуметтік ғимараттар анықталды. Жоба аясында архитектуралық тұрғыда көркем құрылыстар мен орталықтағы негізгі көшелерге декоративті шамдар орнатылып, Семейдің түнгі көрінісіне ерекше сән беріледі.

«Қаланың кешкі көрінісі — тек безендіру емес, оның тартымдылығын арттыратын маңызды бөлік. Алдымызда маңызды мерекелер күтіп тұр. Семей қонақтарды әсем де мерекелік кейіпте қарсы алуы тиіс. Сондықтан жылы реңктерді қолданыңыздар», — деді Бекжан Бапышев.

Бүгінде техникалық құжаттама дайындалып, жарықтандырылатын нысандар тізбесі бекітілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив