Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

ҰТО педагогтерге арналған байқау сынақтарының базасын жаңартты

1-04-2023, 13:59 Думан Кенжеғазыұлы
ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы педагогтерге арналған тегін байқау сынақтарының базасын жаңартты. Тестілеу онлайн форматта орталықтың сайтында жүзеге асырылады. 
 
Байқау сынағы Педагогтердің білімін бағалауға (бұдан әрі – ПББ, бұрын – ҰБТ) дайындалуға көмек ретінде әзірленді. Ұстаздарға ҰТО сайтында https://prob-teacher.testcenter.kz/ сілтемесі бойынша тегін онлайн тестілеуден өту мүмкіндігі беріледі. Ол үшін тек ЖСН теріп, тест түрін таңдап, байқау сынағына кірісу керек.
 
«Педагогтерге арналған ПББ-ның жаңа форматына сәйкес тестілеу екі блоктан және 50 тест тапсырмасынан тұрады: бірінші блок «Пәндік білім» – 30 тапсырма, екінші блок «Оқыту әдістемесі» – 20 тапсырма. Осыған байланысты біз байқау сынақтарының базасын жаңарттық. Байқау сынақтарының көмегімен педагогтер өздерінің дайындығын жақсартып, тестілеудің жаңа форматымен таныса алады», – деп атап өтті ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
 
Сонымен қатар ПББ-ға дайындалу мақсатында ұстаздар ҰТО сайтының «Педагогтерге» бөлімінде тест тапсырмаларының спецификациясымен таныса алады. Сондай-ақ, сайтта тестілеудің сұрақтары ұсынылған әдебиеттердің тізімі жарияланды.
 
Осылайша, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен педагогтердің ПББ-ға сапалы дайындығы үшін көптеген шара қабылданып жатыр.
 
Айта кетейік, 2023 жылғы 27 наурызда 3-22 сәуір аралығында өтетін ПББ-ға өтініштер қабылдау басталды. Тестілеуге тіркелу ҰТО-ның https://app.testcenter.kz/ сайтында онлайн жүзеге асырылады.

Пікірлер (1)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Диляра

Пробный тест для аттестацийПробный тест для аттестацийПробный тест для аттестаций

Ответить 1 Сәуір 2023 21:11