Облыс әкімі Қарақол ауылындағы сенбілікке қатысты
Облыс әкімі Берік Уәли жұмыс сапарымен Үржар ауданына келді.
Аймақ басшысы аудандағы сапарын Қарақол ауылынан бастап, елді мекен тұрғындарымен бірге тазалық акциясына қатысып, ағаш көшеттерін отырғызды.
Айта кетейік, аймақта 5 сәуірде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында облыс әкімінің бастамасымен жалпыөңірлік тазалық акциясы басталған болатын.
Апта сайын өткізілетін сенбіліктерге 26 мыңға жуық тұрғын атсалысып, 126 ұйым мен 545 техника жұмылдырылды. 18 мыңнан астам аула тазаланып, 262 саябақ пен 90 ескерткіштің аумағы реттелді. 5 мың тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар қоқыс полигонына шығарылды.
Облыс әкімі тазалық акциясы өңір тұрғындары тарапынан қызу қолдауға ие болғанын атап өтті.
жыл бойы жалғаса береді. Өңірдің барлық тұрғындарын бастамаға белсенді атсалысуға шақырамын,- деді аймақ басшысы.
Сенбілікке қатысқан ауыл тұрғындары жалпыөңірлік тазалық акциясының облыс үшін маңызды бастама екенін айтты.