Облыс әкімі Баршатас ауылындағы сенбілікке қатысты
Облыс әкімі Берік Уәли жұмыс сапарымен Аягөз ауданына келді. Аймақ басшысы Шұбартау өңіріндегі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.
Облыс әкімі жұмыс сапарын Баршатас ауылынан бастады. Аймақ басшысы елді мекен тұрғындарымен бірге сенбілікке қатысып, ағаш көшеттерін отырғызды.
Айта кетейік, аймақта 5 сәуірде «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында облыс әкімінің бастамасымен жалпыөңірлік тазалық акциясы басталған болатын.
5 және 12 сәуірде облыс аумағында екі мәрте жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық акциясына 44 мыңнан астам тұрғын, 1800-ге тарта ұйым және 700-ден астам арнайы техника тартылды. Сенбілік аясында 40 мыңға жуық аула, 400 саябақ пен шағын алаң, 100-ден астам ескерткіш маңы, 126 су айдыны тазаланған. 2 мыңнан астам ағаш көшеттері отырғызылып, 8 мың тоннаға жуық қоқыс арнайы полигондарға жеткізілді.
Облыс әкімі тазалық акциясы жыл бойы жалғасатынын атап өтті.
Сенбілікке қатысқан ауыл тұрғындары жалпыөңірлік тазалық акциясының облыс үшін маңызды бастама екенін айтты.