Аягөзде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «80 жылдыққа - 80 ағаш» экологиялық акциясы өтті
28 сәуір күні Аягөз ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «80 жылдыққа – 80 ағаш» атты экологиялық әрі патриоттық акция ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – ардагерлердің ерлігін мәңгі есте сақтау, жастардың отансүйгіштік рухын және қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ аудан экологиясын жақсартуға үлес қосу.
Акцияға 300-ге жуық адам – ардагерлер, мектеп оқушылары, еріктілер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер мен аудан тұрғындары белсене қатысты. Акция бейбіт өмірдің, жасампаздықтың және ұрпақтар сабақтастығының символына айналды.
Шарада Аягөз аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекболат Ахмешов сөз сөйледі.
Акция «Жасыл аудан — жарқын болашақ!» ұранымен өтті.
Ардагерлер мен жастардың бірлескен еңбегі тарихқа деген құрмет пен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың жарқын үлгісі болды.