Әділет министрлігінің қызметкерлері Freedom Now халықаралық ұйымының өкілдерімен кездесті
Әділет министрлігінде Халықаралық құқық және адам құқықтары саласындағы жұмысты үйлестіру департаментінің директоры Әлия Ехласова Freedom Now халықаралық ұйымның өкілдерімен кездесті.
Әлия Ехласова Freedom Now өкілдерін Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру үшін қабылданған бірқатар саяси реформалар, оның ішінде саяси партияларды институционалдық дамыту үшін реформалар туралы хабардар етті. Сондай-ақ, департамент директоры Әділет министрлігі жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобының БҰҰ-ның шарттық органдарының сұрау салулары мен пайымдауларын қарау жөніндегі жұмысы және Президент тапсырған қылмыстық заңнаманы тексеру аясындағы жұмысы туралы айтып берді.
Freedom Now адам құқықтарын қорғау жөніндегі директоры Мэттью Шааф адам құқықтарын қорғау және Заң Үстемдігі саласындағы заңнаманы жақсарту жөніндегі жұмысты жоғары бағалады.
Бұдан басқа, халықаралық ұйымның өкілдері Қазақстанның ұлттық заңнамасы мен халықаралық міндеттемелерін талдауға негізделген адамдарды оңалтуды ұсыну жөніндегі өздерінің халықаралық міндеттемелерін сақтау туралы есебімен таныстырды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар адам құқықтарын қорғау және демократиялық институттарды нығайту шеңберінде ұсынылған ұсынымдар мен бірлескен жұмыс үшін бір-біріне алғыстарын білдірді.