Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Қазақстан делегациясы Германияда техникалық университеттермен келісім жасады

2-04-2023, 15:02 Думан Кенжеғазыұлы
Қазақстан-Неміс университеті (DKU) және Yessenov University бірлескен бастамасымен Ақтау қаласында ашылады деп жоспарланған «German Institute of Engineering» институтын құру бойынша 27 наурыз бен 1 сәуір аралығында Қазақстан делегациясы Германияға барды. 
 
 Ең алғашқы келісім Солтүстік Германиядағы алдыңғы қатарлы университет Haw Hamburg университетінен басталды. Одан кейін, Анхальт қолданбалы ғылымдар университетінде (Hochschule Anhalt) және Technische Hochschule Wildau университеттерімен кезекті келісімдерге қол қойылды.
 
Аталған университетпен ынтымақтастық туралы келісім – оқу бағдарламаларды кеңейтуге, елімізге профессорлар шақырып тәжірибе алмасуға, академиялық ұтқырлыққа, үш дипломдық білімге жол ашады. 
 
Германия тарапынан жаңа институттың жұмысына көрсетілетін қолдауларын талқылау мақсатында Yessenov University мен Қазақстан-Неміс университетінің президенттері Германияның сыртқы істер министрлігімен де кездеседі. Сапар қорытындысы бойынша Германия Федеративтік Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінда баспасөз конференциясын ұйымдастырады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив