Германияда маман дайындауда кәсіпкердің пікірі маңызды
Неміс сарапшысы «Атамекен» ҰКП мамандары мен кәсіпкерлерге Германияның іскерлік қоғамдастықты дуальды оқытуға тарту тәжірибесі туралы айтты.
Deutsche Gesellschaft für internationale Zusammenarbeit қоғамының жобалық қызметі шеңберінде Германияның халықаралық кәсіптік білім беру сарапшысы Томас Люкс Ұлттық кәсіпкерлер палатасының шақыруымен тәжірибесін бөлісті. Сонымен қатар маман Германияда дуальды оқытудың дамуы, жеке сектордың негізгі заңдарды әзірлеуге қалай қатысатыны туралы айтты.
«Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің басқарушы директоры Азамат Бейсенбенов семинарды аша отырып, Қазақстан 2014 жылы Германияның дуальды оқыту мәселелеріндегі тәжірибесін қабылдай бастағанын атап өтті.
«Біздің сарапшылар шетелдік тәжірибені қабылдап, соның нәтижесінде тәлімгерлерді оқытудың алғашқы үстел кітабы пайда болды. Біз кадрларды даярлау процесінің экономикалық әсерін көріп отырмыз, бизнеске қызығушылық атнытып отыр, түпкілікті нәтиже – мамандық бойынша жұмысқа орналасудың жоғары пайызы», – деді Азамат Бейсенбенов.
Елде жұмыс мамандықтар бойынша білікті кадрларға тапшылық жоғары.
«Қазақстанда дуальды оқыту процесіне қызығушылық артып келеді. Мұны жұмыс берушілер жасаған дуальды оқыту туралы келісімшарттардың саны куәландырады. Егер 2014 жылы 619 кәсіпорын болса, қазіргі кезде кәсіпорын 5697 кәсіпорын Қазақстанда дуальді оқытуды енгізудің жол картасына қатысып жатыр», – деп атап өтті семинар модераторы, «Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары Ләззат Шонаева.
Өз кезегінде Германия Федеративтік Республикасы елшілігінің экономика атташесі София Фосс трансшекаралық ынтымақтастық тәжірибе алмасуды жан-жақты ететінін, ал бизнес пен министрліктерді процеске тарта отырып, кадрларды даярлау мәселелерінде егжей-тегжей сараптама алуға болатынын айтты.
«Біз Қазақстанның Германия тәжірибесіне қызығушылық танытқанына қуаныштымыз. Әсіресе дуальді оқыту мәселелері жасыл экономикаға көшумен өзекті, мұнда жаңа бағыттар бойынша кадрлар даярлау мәселелері бірінші орынға шығады. Біз елшілік ретінде білім беру саласындағы бірлескен қызметке мүдделіміз», – деп атап өтті қонақ.
Семина шеңберінде Томас Люкс Германияда дуальді оқытудың пайда болуы, білім беру сатылары туралы айтты. Спикер елдегі көптеген бастама кәсіпорын үшін қолда бар артықшылықтарға байланысты әрқашан дуальды оқытуға мүдделі кәсіпкерлердің өздерінен шыққанына назар аударды. Германияда дуальді оқыту дәстүрлі дайындық жүйесімен салыстырғанда бірқатар артықшылықұа ие: практикалық дайындықтың теориялық дайындықтан басым болуы және нарықтағы жағдайға барынша жақындығы, бағдарлама өндіріс қажеттіліктерінен қол үзбей үнемі жаңартылып отырады.
Кездесу барысында кәсіпкерлер сарапшыға сұрақтар қойып, екі елдің тәжірибесі бойынша салыстырмалы типология жүргізді.
Семинар жұмысына ҚР Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаменті әріптестік және дағдылар басқармасының басшысы Қ. Алғазинова, Л. Ахмурзина, «KAZENERGY» қауымдастығының адами капиталды дамыту жөніндегі атқарушы директоры, Б. Бермұхамбетова, «Шаңырақ» тұрғын үй саласындағы басқару субъектілері қауымдастығының сарапшысы, қауымдастықтар, кәсіпорындар мен колледждердің өкілдері, дуальді оқытуға қатысушылар, Астана қ. ӨКП қатысты. Шараны «Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаменті ҚР Peca жобасының ұлттық үйлестірушісі и. Ахатов және Peca жобасының кеңесшісі А. Шешмұхановамен бірлесіп, ұйымдастырды.