Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
453.93 508.72 5.35

Аягөз қаласында жаңа автобустар пайдалануға берілуде

1-05-2025, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Аягөз қаласының қоғамдық көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында бүгін қалаға заманауи талаптарға сай жаңа автобус жеткізілді. Мамыр айында тағы бірнеше автобустың әкелінуі жоспарланып отыр.

Жаңа көліктердің техникалық сипаттамалары қалаішілік тасымалдың қауіпсіздігін және жайлылығын арттыруға бағытталған.  Автобустың жалпы сыйымдылығы — 32 жолаушы, оның ішінде 18 отыратын орын қарастырылған.

Жаңа автобустардың пайдалануға берілуі қаланың көлік жүйесінің тиімділігін арттырып қана қоймай, тұрғындардың күнделікті жүріп-тұруын жеңілдетуге, жолдағы жүктемені азайтуға және экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді.

Алдағы уақытта да қала ішінде жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жұмыстар жалғасын табады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив