Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
453.93 508.72 5.35

Аягөз ауданында республикалық маңызы бар автожолда жөндеу жұмыстары жалғасуда

1-05-2025, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Аягөз ауданында республикалық маңызы бар Қарағанды–Аягөз–Боғаз бағытындағы автокөлік жолының 504–527 шақырым аралығын қамтитын жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жол бөлігі республикалық маңызы бар көлік дәліздерінің бірі болып табылады және өңір тұрғындарының қозғалысын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Жоба шеңберінде 31 шақырымдық жол бөлігіне  жол төсемін жаңарту, асфальтбетон жабындысын төсеу, жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған кешенді шаралар көзделген. Өткен жылы 8 шақырым жолға асфальт төселді.

Аталған жобаның толық жүзеге асырылуы аудан халқының өмір сапасын арттыруға, жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және көлік ағынының тиімділігін жақсартуға елеулі үлес қосатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив