Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы

1-05-2025, 13:55 018.kz

Құрметті отандастар!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Дана халқымызда «Бірлігі бекем ел озар» деген жақсы сөз бар. Ел бірлігін, барша ұлт пен ұлыстың ынтымағын ту еткен қастерлі құндылықтар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегиялық бағыт-бағдарының берік тұғырына айналды. Өзара түсіністік пен келісімнің арқасында Қазақстан жаһандық сын-қатерлерді жұмыла еңсеріп, озық ойлы ұлт болып ұйысу жолында нық қадам басып келеді.

Барын бағалай білген, бейбітшілік пен жарастық үстемдік құрған елдің келешегі кемел. Ауызбіршілік және татулық сияқты асыл қасиеттерді сақтау – бәріміздің перзенттік парызымыз болып қала бермек.

Баршаңызды ұлық мерекемен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив