Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
512.34 582.07 6.31

Алматыда Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған көрме ашылды

Бүгін, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылдың 30 сәуірінде ҚР Орталық мемлекеттік музейінде Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Шоқаны бар елдің шоқтығы биік» атты көрме ашылды. Онда ғалым-энциклопедистің өмірі, шығармашылығы мен ғылыми зерттеулері туралы материалдар қойылған.

Атап айтсақ, қолжазбалар мен еңбектері, Ресей Географиялық қоғамының мүшелігіне сайланғаны туралы дипломның көшірмесі, жеке заттары — бөркі, мылтықтың дүмі, Қашғар экспедициясынан әкелінген бірегей қытай вазасы, жорық торсығы, мыс кесе, зерлі белдік және басқа да құнды жәдігерлер бар. Көрмеге ұсынылған экспонаттар Орталық мемлекеттік музей мен «Алтынемел» мемориалдық музейінің қорынан алынған.

Көрмеде ерекше орын алған сирек жәдігерлердің қатарында Шоқан туыстарының бұйымдары да бар. Оның ішінде қарындасы Тәжібай киген аққу қауырсынынан тігілген сирек шапан, Бәдүгүл апасының бешпенті мнн белгілі кеңес суретшісі Н. Я. Третьяков салған Шоқан Уәлихановтың портреті бар.

Көрме аясында «Шоқанның ғылыми мұрасы» атты дөңгелек үстел өтті. Оған белгілі тарихшы, философ, этнограф, географ және музейтанушы ғалымдар қатысты. Мамандар Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндамалар жасап, ғалымның ғылыми мұрасының маңызы мен рөлін талқылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив