Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
516.16 584.86 6.25

Аягөз қаласында 7,1 шақырым жол жөнделеді

Бүгін, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Аягөз қаласында тұрғындарға қолайлы орта қалыптастырып, көлік қатынасын жақсарту мақсатында бірқатар көшелерде инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары басталды. Атап айтқанда, Шакенов, Р. Қошқарбаев, Сәтпаев, Болашақ, Ларшин, Амангелді, Әуезов, Бөгенбай батыр, Гагарин және Мұсапарбеков көшелеріне орташа жөндеу жүргізу жоспарланған.

Жөнделетін көшелердің жалпы ұзындығы — 7,1 шақырым. Жұмысты жүзеге асырып жатқан мердігер мекеме — «Семей Жолдары» ЖШС. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары Болашақ және Шакенов көшелерінде басталып, қарқынды түрде жүріп жатыр.

Бұл бастама — аудан тұрғындарының күнделікті қозғалысын жеңілдетуге және қаланың жол инфрақұрылымын жүйелі түрде дамытуға бағытталған маңызды қадам.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив