Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
516.16 584.86 6.25

Аламанда Абай елінің аты келді

Кеше, 19:30 018.kz

Астанадағы «Қазанат» атшабарында Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған «Astana Cup» республикалық бәйгесінде Абай облысының арғымағы топ жарды.

Аламан бәйгеге еліміздің 20 өңірінен 100-ге жуық тұлпар қатысып, әр өңірдің кіл мықтысы сынға түсті. Көптің ішінен қара үзіп шыққан Абай облысының жүйрігі мәреден бірінші болып өтті.

Жеңімпаз сәйгүліктің иесі – Аягөз ауданы, Бидайық ауылынан келген Мейрамхат Искаков. Тұлпардың аты – «Қарлығаш». Бапкері – Азамат Мирсалимов, шабандозы – Әмір Сералы. «Қарлығаштың» бұл жеңісі Абай елінің атбегілік өнерінің мықтылығын тағы бір дәлелдеді.

«Astana Cup» – ұлттық спортты насихаттауда маңызы зор дүбірлі шара. Ол атбегілерге, шабандоздарға үлкен серпін беріп, өңірлік спортты дамытуға үлес қосып отыр. Бұл бәйге тек жарыс қана емес, сонымен қатар ел рухын көтеретін, ұлттық бірегейлікті танытатын мәдени оқиғаға айналды.

100-ге жуық жүйрік сынға түскен ат жарысында 6 қашықтық бойынша жүлделер сарапқа салынды.

Ұшқыр бәйге. 1 200 метр. 9  қатысушы.

I орын. «Скайлер Блэйк». Шабандоз – Расул Алпысбай. Бапкері – Магомет Каппушев, ат иесі – Марат Кушеров; (5 млн теңге).

II орын. «Икарус». Шабандоз – Мырзабек Каппушев. Бапкері – Нұржігіт Табылдиев, ат иесі – Нұржігіт Табылдиев; (3 млн теңге).

III орын. «Амайя» Шабандоз – Жеңіс Диас. Бапкері – Аида Ташмуратова, ат иесі – Жомарт Капанов; (2 млн теңге).

Ұшқыр бәйге. 1 600 метр. 5  қатысушы.

I орын. «Мэрайя». Шабандоз – Күрімбек Дидарбек. Бапкері – Күрімбек Дидарбек, ат иесі – Владимир Старых; (5 млн теңге).

II орын. «Хакан». Шабандоз – Болат Әбдіхамит. Бапкері – Керімбек Өмірәлиев, ат иесі – Болат Қожамсейітов; (3 млн теңге)
 
III орын. «Шардара» Шабандоз – Нұртөре Нәсіпбек. Бапкері – Геннадий Исанов, ат иесі – Мақсат Ақаев (2 млн теңге).

Ұшқыр бәйге. 1 800 метр. 14  қатысушы.

1-орын. «Нур Шатоя». Шабандоз – Күрімбек Дидарбек. Бапкері – Дәурен Жүсіпов, ат иесі – Қайрат Жұмағалиев (5 млн теңге);

II орын. «Пионер Пак». Шабандоз – Қайрат Доқтырбаев. Бапкері – Евгений Караваев, ат иесі – Бейбарыс КХ; (3 млн теңге).

III орын. «Фат Ир» Шабандоз – Дәурен Жүсіпов. Бапкері – Эдуард Ах, ат иесі – Бақтияр Байзақов; (2 млн теңге).

Ұшқыр бәйге. 2 000 метр. 14  қатысушы.

I орын. «Флэтчер». Шабандоз – Расул Алпысбай. Бапкері – Магомет Каппушев, ат иесі – Марат Көшеров;(15 млн теңге).

II орын. «Кип Голд». Шабандоз – Дәурен Жүсіпов. Бапкері – Эдуард Ахмолдин, ат иесі – Махамбет Пайдин мен Алмас Сапаев; (10 млн теңге).

III орын. «Ел Орда» Шабандоз – Жеңіс Диас. Бапкері – Аида Ташмұратова, ат иесі – Ұлан Омаров; (5 млн теңге).

Топ бәйге. 12 шақырым. 24  қатысушы.

I орын. «Байдик». Шабандоз – Диас Жартыбай. Бапкері – Әділет Ноқатай, ат иесі – Ардақ Сарсекеев; (15 млн теңге).

II орын. «Бәйтерек». Шабандоз – Аңсар Арыстанбек. Бапкері – Жамбыл Бөбекбай, ат иесі – Қасым Алтынбай; (10 млн теңге).

III орын. «Найза» Шабандоз – Дамир Ілесбек. Бапкері – Нұржігіт Табылдиев, ат иесі – Нұржігіт Табылдиев; (5 млн теңге).

Аламан бәйге. 18 шақырым. 32  қатысушы.

I орын. «Қарлығаш». Шабандоз – Әмір Сералы. Бапкері – Азамат Мирсалимов, ат иесі – Мейрамхат Искаков; (15 млн теңге).

II орын. «Көкдауыл». Шабандоз – Аңсар Арыстанбек. Бапкері – Жамбыл Бөбекбай, ат иесі – Қасым Алтынбай; (10 млн теңге).
 
III орын. «Тасқын» Шабандоз – Юбыр Ерқанат. Бапкері – Мұрат Досбергенов, ат иесі – Мұрат Өсербаев(5 млн теңге);

Жүлде қоры 120 млн теңге. Жалпы турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау қаржылай сыйақы шығындары демеушілер есебінен жүргізілді.

Астана – Семей
Бақытбек ҚАДЫР,
«Egemen Qazaqstan» газетінің Абай облысындағы тілшісі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив