Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
516.16 584.86 6.25

Көкпекті ауданында сүт өңдейтін үлкен өндіріс ошағын ашу жоспарланып отыр

Бүгін, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімі Берік Уәли Көкпекті ауданына жұмыс сапары барысында Үкіліқыз ауылындағы «Өрнек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды.

1996 жылы құрылған шаруашылық сүтті бағыттағы сиыр өсірумен және егін шаруашылығымен айналысады. Мұнда қазіргі таңда 150-ден астам адам еңбек етеді. Серіктестік заманауи ауыл шаруашылығы техникаларымен толық қамтамасыз етілген.

Шаруа қожалығы Германиядан Симментал тұқымды 1470 бас асыл тұқымды ірі қара сатып алған. Серіктестікте 700-ден астам сауынды сиыр бар. Мұнда күніне 12-13 тонна сүт өндіріледі.

Аймақ басшысы шаруа қожалығындағы сауынды сиырлар, бұзаулар тұратын кешенді, бордақылау алаңын аралап, ферманың жұмыс процесімен танысты.

Қазіргі уақытта өңірде сүт қабылдайтын бекеттер болмаған соң өнім Шығыс Қазақстан облысына жөнелтіледі. «Өрнек» ЖШС директоры Ержан Қойгелдин облыс әкіміне сүт өндірісін ұлғайту мақсатында сүт өңдейтін зауытын салу және мал басын 1000-ға дейін көбейту туралы жоспарын айтып, мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетуді сұрады.

«Шаруашылықта мал басы да, сүт көлемі де жеткілікті. Сүт өңдейтін зауыт ашуға толық мүмкіндік бар. Сүтті басқа облыстарға жібермей өзімізде қайта өңдеу жағын қолға алуымыз керек. Бұл - өте өзекті мәселе. Әкімдік тарапынан тиісті қолдау көрсететін боламыз», – деді аймақ басшысы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив