Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
516.16 584.86 6.25

Әйгілі Австралиялық ангус сиырлары Көкпектінің дархан даласында жайылып жүр

Бүгін, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімі Берік Уәли Көкпекті ауданына жұмыс сапары барысында Көкжайық ауылындағы «Елім-ай Көкпекті» шаруа қожалығының тыныс-тіршілігімен танысты.

2011 жылы құрылған серіктестік асыл тұқымды ірі қара өсірумен және егін шаруашылығымен айналысады. Мұнда қазіргі таңда 150-ден астам адам еңбек етеді. Бүгінде мал тұқымын асылдандыру бағытында ауқымды жұмыс жүргізілуде. Шаруашылықта 2650 бас сиыр бар. Оның 1600-і қазақтың ақбас тұқымы, 1050-і Австралиядан әкелінген ангус тұқымды сиырлар. Ерекше атап өтерлігі, шаруа қожалығы екі тұқымды будандастырып, жаңа тұқым алған.

Шаруашылық ет және сүт бағытындағы өнімдерді ішкі нарыққа ұсынумен қатар, экспортқа шығаруға да әлеуетті.

«Елім-ай Көкпекті» ЖШС облысымызда тұңғыш болып Өзбекстан мемлекетіне 700 бас ірі қараны экспорттады. Аудандағы шағын шаруа қожалықтары соңғы жылдары малдарын қалаға апармай, серіктестікке әкеліп өткізуде. 5 мың басқа арналған бордақылау алаңы да бар. Мұнда 1500 бас бұқашық бордақылануда.

Өсімдік шаруашылығы да жолға қойылған. «Елім-ай Көкпекті» агроөнеркәсіптік кешенінде 1700 гектар суармалы жер бар. Оның 630 гектарына жоңышқа егілген. Соңғы 5 жылда АҚШ және Түркиядан 25 заманауи суару техникасы сатып алынды. Шаруашылық Көкпекті ауданында жаңбырлата суару жүйесін алғаш болып іске қосты. Соның нәтижесінде жоңышқаны үш мәрте ору мүмкіндігі бар.

Облыс әкімі агроөнеркәсіптік кешеннің мал бордақылау, жем-шөп қоры сақталатын алаңдарын, егістік алқаптарын аралап, шаруашылық жұмысына жоғары баға берді.

«Елім-ай Көкпекті» – өңіріміздегі ірі агроөнеркәсіптік кешендердің бірі. Мал мен егін шаруашылығын қатар дамытып, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп отыр. Заманауи техникалармен толық жабдықталған, шетелге де мал экспорттайды. Осындай шаруашылықтардың облыс үшін маңызы зор. Олар жаңа жұмыс орындарын ашып, өңірдің азық-түлікпен қамтылуына үлес қосып жатыр. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру керек. Әкімдік тарапынан тиісті қолдау көрсетеміз», – деді аймақ басшысы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив