РХБ қорғау әскерлерінің мамандары жапондық әріптестерінің тәжірибесін зерделеді
Жапониядағы Өзін-өзі қорғау күштерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау жүйесімен танысу үшін қазақстандық әскери қызметшілер РХБҚ әскерлері және экологиялық қауіпсіздік департаментінің бастығы Ержан Құлмағамбетовтың жетекшілігімен бейінді мекемелерге барды.
Жапония Өзін-өзі қорғау күштерінің Құрлық әскерлерін қорғау-РХБ әскерлерінің бастығы Кентаро Хаякавамен кездесуде аталған саладағы қазақ-жапон ынтымақтастығының перспективалары талқыланды.
Қазақстандық әскерилер радиациялық қауіпсіздік саласындағы зерттеулермен айналысатын РХБ-қорғау мамандарын даярлау орталығына және Ұлттық кванттық ғылымдар және технологиялар институтына барды. РХБ қорғаудың орталық жасағында «Фукусима-1» атом электр станциясында ТЖ салдарын жоюда әскерлерді қолдану тәжірибесімен танысты.
Сапар барысында Жапонияның Өзін-өзі қорғау күштерін РХБ қорғау әскерлерінің техникалық жарақтандырылуы да зерделенді. Тараптар білім, ғылым және қызметтің басқа да бағыттары саласындағы ведомстволардың ынтымақтастығын дамытудағы әлеуетін атап өтті.