Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

РХБҚ мамандары ведомствоаралық өзара іс-қимыл міндеттерін орындауда

22-02-2023, 10:45 Думан Кенжеғазыұлы

Десанттық-шабуылдау әскерлерінде радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлерінің мамандарымен ведомствоаралық жиын өтіп жатыр.

Қарулы күштердің, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Ұлттық ұланның, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 200-ден астам маманы қару-жарақтың, радиациялық, химиялық, биологиялық қорғаныс және барлау құралдарының жаңа үлгілерін зерделеп, біліктілігін арттыру курсынан өтуде.

Аталған әскерлер белгіленген аудандағы жағдайды анықтаумен және оны бағалаумен, құралымдар мен бөлімдерді жаппай қырып-жоятын қарудың және радиациялық, химиялық, биологиялық ластанудың зақымдаушы факторларынан қорғауды қамтамасыз етумен айналысады. Бұдан басқа, РХБҚ мамандары өнеркәсіптік кәсіпорындардағы техногендік апаттардың салдарын жоюға да жұмылдырылады. 

Осы міндеттерді орындау үшін Десанттық-шабуылдау әскерлерінің РХБҚ бөлімшелері заманауи қорғаныс құралдарымен, қару-жарақпен және құралдармен жабдықталған.

Өткен жылы аталған батальонға Қазақстанда әзірленген жаңа биологиялық барлау кешені келіп түсті. Арнайы техника биологиялық сипаттағы төтенше жағдай ауданында патогендерді анықтау және экспресс-талдау жүргізу үшін зертханалық құралдармен жабдықталған болатын.

– Мобильді зертхана радио және спутниктік байланыс құралдарымен, бейнебақылау жүйесімен және ПТР-талдаулар жүргізуге арналған жабдықтармен қамтылған. Сондықтан бұл кешенді медициналық мақсатта да қолдануға болады, – деді Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысы басқармасының аға офицері подполковник Алмас Көпжасар.

Мамандар жиынына офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер ғана емес, сонымен қатар мерзімді қызметтегі сарбаздар да қатысуда. 

Қатардағы жауынгер Никита Обухов болашақта өзіне қажетті мамандықты таңдады. Әскерде қызметке дейін ол орта мектепті бітірген еді, болашақ мамандығын ол Десанттық-шабуылдау әскерлерінің РХБ батальонында үйренді.

– Әскер мен үшін өмір мектебі болды. Мұнда мен өзім қызығатын мамандықты меңгердім. Әскерде борышымды өтей жүріп алған білімім өнеркәсіп кәсіпорындарында, табиғатты қорғау мекемелерінде және санитарлық-эпидемиялық ұйымдарда сұранысқа ие, – деді әскери қызметтен кейінгі перспективалары жайлы  қатардағы жауынгер Никита Обухов.  

Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау мамандарының жиыны 24 ақпанға дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде жиынға қатысушылар біліктіліктерін арттырып қана қоймай, ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыруға бағытталған міндеттерді де орындайтын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив