Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қазатомөнеркәсіп өндірістік қауіпсіздік жөніндегі XXV қорытынды корпоративтік кеңес өткізді

19-02-2023, 16:51 Думан Кенжеғазыұлы

17 ақпан күні Шымкент қаласында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның (бұдан әрі – Қазатомөнеркәсіп немесе Компания) өндірістік қауіпсіздік жөніндегі XXV қорытынды корпоративтік кеңесі өтті.

Іс-шараға «Самұрық-Қазына» АҚ мен мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелері, еншілес және тәуелді ұйымдардың бірінші басшылары мен қызметкерлері және т. б. қатысты.

Кеңес барысында еңбекті қорғау, қоршаған орта, өнеркәсіптік, радиациялық және ядролық қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелер талқыланды, өндірістік қауіпсіздік саласындағы 2022 жылғы жұмыстың қорытындысы шығарылып, 2023 жылға арналған негізгі міндеттер мен жоспарлар айқындалды.

Компания құрылған сәттен бастап өндірістік қауіпсіздік бойынша қорытынды корпоративтік кеңестер өткізеді. Биылғы кеңес 25-ші, мерейтойлық кеңес болды, онда қауіпсіздік саласындағы ағымдағы нәтижелерді қараумен қатар, осы саладағы 25 жылдағы даму қорытындылары да шығарылды.

«Қазатомөнеркәсіп үшін өндірістік қауіпсіздік қашанда сөзсіз басымдыққа ие болған және солай болып қала бермек. Қауіпсіздік мәдениетін, көшбасшылықты дамыту және қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі, экология мәселелеріне жан-жақты тарту бағытын жалғастыра және барлық мүдделі тараптармен ашық әрі адал диалогты қолдай отырып, біз белгілі бір нәтижелерге қол жеткіздік, - деді Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Ержан Мұқанов. – Адам өмірі мен денсаулығынан құнды ештеңе жоқ, біз бәріміз кез-келген жұмысты қауіпсіз орындауға болатындығын түсінуіміз керек. Әрбір қызметкердің осы мәселеге саналы және жауапкершілікпен қарауы біздің кәсіпорындардағы өндірістік қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыруға көмектесетініне сенемін».

«Статистика «Самұрық-Қазына» қорының компаниялар тобында жарақаттану көрсеткіштерінің жоспарлы түрде төмендегенін көрсетеді. Қауіпсіздік мәдениетін дамыту саласында Қазатомөнеркәсіп белгілі бір нәтижелерге қол жеткізгенін атап өткім келеді, - деді «Самұрық-Қазына» АҚ Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев өзінің кеңес қатысушыларына арнаған бейнежолдауында. - Ол жұмысшылардың, активтердің және қоршаған ортаны қорғаудың қауіпсіздігі күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған және әрқашан бірінші орында тұратын нөлдік жарақаттанудың жаһандық тұжырымдамасын сәтті енгізуге кіріскен портфельдік компаниялардың алғашқысы».

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның Қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов өзінің кіріспе сөзінде Қордың компаниялар тобы бойынша жарақаттану деңгейі 16%-ға төмендегенін, ал LTIFR жарақаттану коэффициенті 0,16-ны құрағанын атап өтті.

Кеңес барысында Компания өндірістік қауіпсіздіктің жай-күйін үнемі жақсартып отыратындығы атап өтілді. Бұған Компания құрылған сәттен бастап өнеркәсіптік, экологиялық және радиациялық апаттардың болмауы, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігі, Қазатомөнеркәсіптің өндірістегі жарақаттану деңгейін нөлге дейін төмендетуге бағытталған Vision Zero халықаралық бағдарламасына қосылуы дәлел бола алады.

Компания өзінің өндірістік қызмет орындарында және одан тыс жерлерде табиғи ортаны сақтай отырып, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен экологиялық әсерді барынша азайту арқылы өзі қатысатын өңірлердегі қызметкерлер мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды. Мәселен, тек 2022 жылдың өзінде табиғатты қорғау іс-шараларына 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.

Компания екінші бақылау аудитінен өтіп, еңбекті қорғау, денсаулық сақтау және экологиялық менеджмент саласындағы ISO халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігін растады. ЕТҰ-да өндірістік қауіпсіздіктің жай-күйіне жоспарлы, кешенді және мақсатты тексерулер жүргізілді. Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен (АЭХА және т.б.) өзара іс-қимыл жүзеге асырылды.

Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша 2022 жылы жұмыс уақытын жоғалтумен жарақат алу коэффициенті (LTIFR) 5 есеге төмендеді (2022 жылы - 0,11 және 2021 жылы - 0,55). Кәсіпорындарда қаза тапқандардың жалпы саны 2 есеге азайды (2022 жылы 1 адам және 2021 жылы 2 адам). Өндірісте зардап шеккендердің саны 6 есеге (2022 жылы 3 адам және 2021 жылы 18 адам), сондай-ақ ауыр жағдайларда зардап шеккендер саны 8 есеге (2022 жылы 1 адам және 2021 жылы 8 адам) айтарлықтай азайды.

Сондай-ақ, кеңес аясында «Өндірістік қауіпсіздік саласындағы үздік кәсіпорын» байқауының қорытындысы шығарылды: 1-орын «Орталық» ӨК» ЖШС, 2-орын «Қаратау» ЖШС, 3-орын «ҮМЗ» АҚ және өз жұмысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жоғары көрсеткіштермен ерекшеленген «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы сыйлығының иегерлерінің есімдері жарияланды. Инженер-техник қызметкерлер арасындағы жеңімпаздар: 1-орын «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС Қанжуған кенішінің ГТА учаскесінің қышқыл шаруашылығы шебері Сиябеков Еркебұлан; 2-орын «РУ-6» ЖШС Қарамұрын кенішінің өнімді ерітінділерді қайта өңдеу учаскесінің шебері Қойбағаров Талғат; 3-орын «Қаратау» кеніші ӘШБ бас маманы Бексейітова Гүлжан. Жұмысшылар арасындағы жеңімпаздар: 1-орын «Семізбай-U» ЖШС Иіркөл филиалының жабдықтарға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесары Базарбеков Рахат; 2-орын «Аппақ» ЖШС аффинаж өндірісінің тазалаушысы Шағаева Гүлмира; 3-орын «Волковгеология» АҚ ГРЭ-23 бұрғылау қондырғысының машинисі Афелеев Бейсенбек.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив