Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
516.01 582.47 6.26

Бородулиха ауданында көктемгі егіс қарқынды жүргізіліп жатыр

Бүгін, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімі Берік Уәли жұмыс сапарымен Бородулиха ауданына келді.

Аймақ басшысы жұмыс сапарын «Лазарев и К» шаруашылығының егіс алқаптарын аралап, көктемгі дала жұмыстарымен танысудан бастады.

«Лазарев и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өсімдік және мал шаруашылығын қатар дамытып келеді. Иелігінде 13 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жері бар. Оның 10 мың гектарға жуығына биыл егін егіледі. Серіктестік майлы дақылдарды терең өңдеуге ден қойып отыр. Күнбағыс майын Қытайға экспортқа шығарады.

Биыл шаруашылықта 4000 гектарға күнбағыс, 600 гектарға зығыр және рапс егілуде. Серіктестік өнім сапасын арттыру үшін заманауи технологияларды қолданады. Рапсты дронмен себу тәсілі сынақ ретінде іске асырылған. Келер жылы сәуір айында ылғал толық кетпей тұрып, осы әдіспен рапс егу көзделіп отыр. Ұсақ дәнді дақылдарды егуге арналған арнайы техника да сатып алынған.

Сонымен қатар сүтті терең өңдеуді дамыту мақсатында шаруашылық 420 сауынды сиыр алған. Қазіргі таңда мұнда мың жарым бас ірі қара бар. 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Тұқымдық өңдеу мен органикалық тыңайтқыш енгізу жүйесі жолға қойылған. Қытай мамандарымен бірлесіп, күнбағыс буданын алу жұмысы жүргізіліп жатыр.

Облыс әкімі шаруашылықтың жұмыс процесімен танысып, заманауи үлгідегі «К 700» тракторына отырып, егіс алқабын аралап көрді.

Айта кетейік, биыл Бородулиха ауданында 320 мың гектар алқапқа дән себу жоспарланып отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив