Абай облысында «Бизнеске жол» жобасы аясында құрылыс салушылардың мәселелерін талқылады

Семей қаласында өңірдің Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің, сондай-ақ басқа да уәкілетті органдардың өкілдерінің бірлескен отырысы өтті.
Кездесу «Бизнеске жол» жобасы аясында өтті. Семей қаласында тұрғын үй салу барысында құрылыс салушылар тап болатын өзекті мәселелер талқыланды.
Кәсіпкерлер қолданыстағы заңнама талаптарын сақтағанын растайтын құжаттарды ұсынып, рұқсат алу мен инженерлік желілерге қосылу барысында туындайтын әкімшілік кедергілерге назар аударды.
Қатысушылар «Заң мен Тәртіп» қағидаты барлық құрылыс және басқару шешімдерінің негізі болуы керектігін атап өтті.
Мемлекет пен бизнес арасындағы ашық диалогтың маңыздылығына назар аударылды. Мұндай ынтымақтастық үлгісі өзінің тиімділігін көрсетіп, өңірдің тұрақты дамуына ықпал етуде.
«Бизнеске жол» жобасы кәсіпкерлердің мәселелерін талқылайтын және жүйелі шешімдер ұсынатын тиімді алаң ретінде қызметін жалғастыруда. Келесі кездесулер шағын және орта бизнеске қатысты басқа салаларда өтетін болады.