Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
510.06 566.32 6.32

БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісі волонтерлермен кездесіп, Халықаралық еріктілер жылына дайындық барысын талқылады

Бүгін, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Maqsut Narikbaev University-де БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісі Тойлы Құрбанов волонтерлік ұйымдардың өкілдерімен, белсенді жастармен және мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2026 жылы өтетін Халықаралық еріктілер жылына арналған іс-шаралар жоспары талқыланды.

Жиында еріктілер жылы аясында елімізде жүзеге асырылатын бастамалар мен жобалар, сондай-ақ қазақстандық еріктілердің ұлттық және халықаралық деңгейдегі бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктері сөз болды. Сонымен қатар, БҰҰ Еріктілер бағдарламасының жаһандық күн тәртібіне шолу жасалып, оның 2026 жылғы Халықаралық еріктілер жылымен байланысы қарастырылды.

Осыған дейін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Тойлы Құрбановтың кездесуі өткен болатын. Онда Қазақстандағы Ұлттық ұйымдастыру комитетінің алдағы міндеттері, сондай-ақ волонтерлік қызметтің жаһандық тұрақты даму мақсаттарына қосар үлесін арттыруға бағытталған жаңа мүмкіндіктер жайы талқыланды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив