Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
506.21 568.42 6.3

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Fufeng Group компания тобының президенті Ли Сюэчуньмен кездесті

Кеше, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Кездесу барысында тараптар Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдеуге арналған тікелей интеграцияланған өнеркәсіптік парк салу бойынша ауқымды инвестициялық жобаны іске асыру мәселесін талқылады.

Жоспарланған инвестиция көлемі шамамен $800 млн-ды құрайды. Өндірістік кешенге крахмал өндіретін зауыт, үш биоферментациялық зауыт, көмірмен жұмыс істейтін жылу электр стансасы және тазарту құрылыстары кіретін болады. 

Жүгеріні өңдеу қуаттылығы, оның ішінде жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жеткізу есебінен жылына 1 млн тоннаны құрайды. Дайын өнім ЕО елдеріне, Солтүстік Африка мен Таяу Шығысқа экспорттауға бағытталады. Жобаны жүзеге асыру шамамен 1,5 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ тараптар алдағы инвестициялық келісімнің шарттарын, оның ішінде экспорттық қолдау көрсету мәселелерін және жүгеріні терең өңдеу саласын дамытуға арналған мемлекеттік қолдаудың негізгі шараларын талқылады.

Жоба Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін арттыру және өңдеу өнеркәсібін күшейту үшін стратегиялық маңызға ие. Жоғары технологиялық өндірістік кешен құру ауыл шаруашылығы өнімдерінің қосылған құнын едәуір арттыруға, ілеспе салалардың дамуын ынталандыруға, отандық шаруалар үшін тұрақты өткізу нарығын қалыптастыруға, сондай-ақ елдің экспорттық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив