Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
494.63 583.22 6.42

«Самұрық-Энерго» АҚ Семей қаласында 3-ЖЭО салу жобасын әзірлеуге кірісті

3-04-2023, 15:39 Думан Кенжеғазыұлы

«Самұрық-Энерго» АҚ Семей қаласында 3-ЖЭО салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеуге кірісті.

Қазақстандық электр энергетикалық холдингі жаңа ЖЭО-ны жобалау бойынша жұмыстарды Абай облысының проблемалық мәселелері бойынша ҚР Үкіметінің тапсырмаларын орындау шеңберінде «Самұрық-Қазына» қорының тапсырмасы бойынша жүргізеді.

Абай облысы әкімдігінің алдын ала деректеріне сәйкес Семей қаласындағы ЖЭО техникалық сипаттамалары мынадай параметрлерге сәйкес болуы тиіс: электр қуаты–320 МВт; жылу қуаты–1200 Гкал/сағ.Алайда, жаңа станцияның қорытынды сипаттамалары ТЭН әзірлеу кезінде айқындалатын болады.

ЖЭО-ны салу қажеттілігі Семей қаласының Облыстық орталық мәртебесін алуына және қала инфрақұрылымын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылған Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын өзектендіру бойынша әкімдік жүргізіп жатқан жұмыстарға байланысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив