Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.87 508.33 5.65

Ел бойынша республикалық «Отбасы ағашы» акциясы өтті

15-05-2025, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін, Халықаралық отбасы күніне орай, еліміздің барлық өңірінде «Отбасы ағашы» атты республикалық акция өтті. Акция аясында «Мерейлі отбасы-2025» Ұлттық байқауы ресми түрде басталды.

Қазақстанның барлық өңірлерінде, қала мен ауылдық елді мекендерде терек отырғызуға арналған жаппай шаралар ұйымдастырылды. Дәстүрлі түрде бұл акция бұрын саябақтардағы «Отбасы – бақыт мекені» атауымен аталған аллеяларда өтеді.

Жыл сайын осы аллеяларға жаңа ағаштар отырғызылады. Бұл – тату әрі берік қазақстандық отбасылардың символы іспеттес.

Акцияның басты мақсаты — отбасылық дәстүрлердің маңызын көрсету, сондай-ақ отбасы институтын нығайту, табиғатты қорғау және қоғамдық бастамаларды дамыту арқылы болашақ ұрпаққа қамқорлық көрсету.

Іс-шараға танымал қоғам қайраткерлері, қоғам белсенділері, сондай-ақ өткен жылдардағы «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив