Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
510.58 571.8 6.34

Қазақстан мен Беларусь агроөнеркәсіптік ынтымақтастықты нығайтып жатыр

Бүгін, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Богдановпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында министр 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Беларусь арасындағы агроөнеркәсіп өнімдерінің тауар айналымы 278 млн АҚШ долларын құрағанын, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 11,7%-ға жоғары екенін атап өтті. Ал 2025 жылдың қаңтар–ақпан айларында 19,7%-ға өсім тіркеліп, бұл екі ел арасындағы ынтымақтастықтың тұрақты оң динамикасын көрсетті.

«Біз елдеріміз арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тұрақты әрі өзара тиімді саудасында елеулі әлеуетті байқап отырмыз. Қазақстанда заманауи агротехнологияларды және өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып өндірілетін өнімдердің кең ассортименті бар. Беларусь Республикасына экспортты жандандыру мақсатында біз экологиялық таза әрі сапалы тауарларды – күріш, ұн, жем өнімдерінен бастап, ет өнімдері, бал, крахмал-сірне өнімдері, қосалқы өнімдер, кондитерлік және шұжық өнімдеріне дейін жеткізуге дайын отандық кәсіпорындардың тізімін жолдадық», – деді Айдарбек Сапаров.

Тараптар агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты дамыту, ауыл шаруашылығы саласында кадрлар даярлау жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ бірінші Беларусь–Қазақстан аграрлық форумын өткізу мәселелері бойынша пікір алмасты.

Сонымен қатар, «Белагро-2025» атты 35-ші Халықаралық мамандандырылған көрмеге қазақстандық делегацияның қатысуы, Беларусь–Қазақстан сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 19-отырысын өткізу, сондай-ақ аграрлық саладағы өзара іс-қимылдың болашағы зор бағыттары бойынша жұмыс тобының отырысы талқыланды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив