Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Конституциялық Сот KAZGUU студенттері мен оқытушыларына интерактивті дәріс ұйымдастырды

3-04-2023, 16:21 Думан Кенжеғазыұлы

Конституциялық Сотта М.С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамы үшін дәріс ұйымдастырылды.

Дәрісті Конституциялық Соттың судьясы, заң ғылымдарының докторы, профессор Ударцев Сергей Федорович өткізді.

Шараға Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Әзімова және орынбасары Бақыт Нұрмұханов қатысты. KAZGUU-дың 80-нен астам студенті Конституциялық Сотқа барды. Қатысушыларға Конституциялық Соттың қызметі, даму тарихы және мемлекеттік-құқықтық саясаттағы конституционализмнің рөлі туралы айтылды. Конституциялық құқықтың практикалық және теориялық мәселелері талқыланды. Шараны ұйымдастырушылар еліміздің жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендігін білдірді.

Дәріс интерактивті түрде өтті, тыңдаушылар Конституциялық Соттың өкілеттіктеріне, конституциялық іс жүргізуге қатысты барлық сұрақтарына толық жауаптар алды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив