Қала тұрғындарының мәселелері – басты назарда
Қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев кезекті қабылдауында тұрғындардың көкейінде жүрген түйткілді мәселелерін тыңдады.
Қабылдауға келген 32 азамат жол, тұрғын үй, жер қатынастары, кәсіпкерлік, қоғамдық көлік қозғалысы, көше жарығы, қала тазалығы секілді сұрақтарды көтерді. Әр мәселе жеке қаралып, оған жауапты бөлімдер мен коммуналдық қызметтердің басшылары қатысып, нақты шешу жолдарын ұсынды.
«Әрбір тұрғынның мәселесі – біз үшін жай ғана өтініш емес, қаланың тыныс-тіршілігін жақсартуға бағытталған ортақ міндет. Ашық диалог арқылы шешімін табатын әр сұрақ – халықтың сенімі мен қолдауын арттырады», -деді Бекжан Бапышев.
Жеке қабылдауға жазылу үшін Семей қаласы әкімдігінің ғимаратына келіп (Мәңгілік Ел көшесі, 4-үй), 107 кабинетке жазбаша өтініш қалдыру қажет.
Қосымша ақпарат алу үшін: 52-35-08.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚанатты сөздерМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзі