Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Отандық жас ғалымдар цифрлық «жасыл» бастамаларға арналған ІІ Жаһандық жастар фестивалінде жобаларын таныстырады

16-05-2025, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

15 мамыр – Дүниежүзілік климат күні, осыған орай Ташкент қаласында цифрлық «жасыл» бастамаларға арналған ІІ Жаһандық жастар фестивалі басталды. Фестивальге 500-ден астам делегат қатысуда. Олардың қатарында мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғамның өкілдері, жастар саласының сарапшылары мен белсенділері, зерттеушілер мен кәсіпкерлер бар.

Фестивальдің басты мақсаты – тәжірибе алмасу және жаһандық мәселелер бойынша ортақ шешімдер әзірлеу. Күн тәртібіндегі негізгі тақырып жасыл инновациялар мен цифрлық құралдар болды.

Фестиваль алаңында Қазақстанды республикалық «JASYL EL» жастар еңбек жасақтары штабының жетекшісі Нұрасыл Бекматов, «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері Азамат Намелбек, Рамис Зарипов пен Еркебұлан Райымбеков, сондай-ақ өзге де эко-белсенділер мен жас ғалымдар таныстыруда. Олар экологиялық ортаны жақсартуға бағытталған өз жобалары мен шешімдерін ұсынып, Қазақстан жастарының жасыл экономикаға қосып жатқан үлесі жайында баяндама жасайды.

Фестиваль үш күнге жалғасады. Бағдарлама аясында іс-шаралар Өзбекстан астанасында және Арал өңірінде өтеді.

Халықаралық кездесу оң өзгерістерге бастайтын, инклюзивті әрі тұрақты әлем құруға қабілетті жаңа буын көшбасшыларын қолдауға бағытталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив