Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
509.51 570.6 6.3

ҚР Энергетика министрлігі әділ энергетикалық ауысу бойынша Ұлттық әріптестік платформасын құру нәтижесін талқылады

Кеше, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі әділ энергетикалық ауысу бойынша Ұлттық әріптестік платформасын (JETP) құру бойынша аралық нәтижелерді талқылады. Кездесу Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жанындағы Жаңғырту және реформалар офисінің алаңында Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілиястың төрағалығымен өтті.

Кездесу барысында қатысушылар энергетика секторын декарбонизациялау жобаларына инвестициялар тарту және қаржыландыру, сондай-ақ әділ энергетикалық ауысу аясында күш-жігерді үйлестіру мәселелерін қарастырды. Әсіресе нарықтық тетіктерді ынталандыруға баса назар аударылды.

Іс-шараға орталық мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың, салалық қауымдастықтардың және халықаралық даму банктерінің өкілдері қатысты. Ведомствоаралық хатшылық құру, инвестицияларды орталықтандыруға арналған жол картасын әзірлеу, сондай-ақ халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты нығайту жоспары талқыланды.

Платформаны қалыптастыруға жауапты жұмыс тобы өз қызметін 2025 жылғы 29 тамызда аяқтайды. Нәтижесінде бастаманы басқару, қаржыландыру құрылымын айқындау және отандық өндірушілерді қолдау шаралары жөнінде келісілген ұстаным ұсынылады.

JETP платформасы еліміздің энергетика секторындағы құрылымдық реформаларды жүзеге асырудың негізгі құралына айналады деп күтілуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив