Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
525.28 607.85 6.47

Семейде ерекше шығармашылық кеш өтті

17-05-2025, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

16 мамыр күні Семей қаласының Мәдениет сарайында ҚР мәдениет қайраткері, белгілі сазгер-дирижер Болатқали Әмірхановтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Абай елі» атты шығармашылық кеші өтті.

Кеште елге танымал өнер шеберлері – Еркін Шүкіман, Майра Ильясова және Секен Тұрысбеков өнер көрсетіп, көрермендерге рухани ләззат сыйлады.

Салтанатты кеш барысында Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Жанжігіт Омархан өнер майталманының сіңірген еңбегін атап өтіп, облыс әкімі Берік Уәлидің Алғыс хатын табыстады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив