Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
453.93 508.72 5.35

Абай облысында дәстүрлі әншілердің І республикалық байқауы басталды

17-05-2025, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы, Бородулиха ауданында Қазақстанның халық әртісі, әнші Мәдениет Ешекеевтің құрметіне арналған «Қазақтың дара дарыны» атты І республикалық дәстүрлі әншілер байқауы өз шымылдығын түрді.

Аталған өнер додасы Абай облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен өтуде. Байқау екі күнге созылады. Елдің түкпір-түкпірінен келген 30-ға жуық қатысушы ұлттық өнеріміз – дәстүрлі ән жанрында бақ сынамақ.

Қазылар алқасының құрамында қазақ өнерінің майталмандары – Қазақстанның халық әртісі Рамазан Стамғазиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Еркін Шүкіманов және басқа да белгілі тұлғалар бар.

Бұл байқау – дәстүрлі ән өнерін дәріптеп, жас таланттарға жол ашатын маңызды мәдени шаралардың бірі болмақ.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив