Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.84 634.46 6.43

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНИСЕФ-тің аймақтық директоры Реджина Де Доминичиспен кездесті

17-05-2025, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Астанада БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Реджина Де Доминичис ханыммен кездесті.

Ерлан Қарин балаларды қорғау бойынша елімізде қолға алынып жатқан негізгі реформалар туралы, соның ішінде психологиялық және отбасылық қолдау орталықтары желісін дамытуға, зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алуға арналған жаңа әдістемелерді енгізуге қатысты жұмыстар жөнінде айтып берді. Сондай-ақ осы саладағы мемлекеттік саясаттың барлық бағытын біріктіретін «Қазақстан балалары» атты кешенді бағдарламаға тоқталды.  

Реджина Де Доминичис Қазақстанның халықаралық міндеттемелерді іске асыру жолындағы жұмыстарын жоғары бағалады. Ол Қазақстанның орнықты даму мақсаттарын ілгерілету ісінде маңызды рөл атқаратынын, жаңа өңірлік бастамалар аясында белсенді ынтымақтастыққа дайын екенін жеткізді.

Кездесуге Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева да қатысты. Ол суицидтің, зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алуға бағытталған шараларды қамтитын «Safe Kids» атты ұлттық бағдарламаны таныстырды.

Жиын қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті одан әрі тереңдетуге және өскелең ұрпақтың игілігі үшін бірлескен бастамаларды іске асыруға мүдделі екенін растады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив