Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
526.02 607.55 6.5

Қазақстанда квотадан тыс және рұқсатсыз жұмыс істей алатын шетелдіктер санаттарының тізімі өзгертілмек

20-05-2025, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тарту мақсатында жергілікті атқарушы органдардың рұқсатын талап етпейтін тұлғалардың тізбесіне» түзетулер әзірледі. Құжат ағымдағы жылдың 2 маусым айына дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.

Түзетулер жергілікті атқарушы органдардың рұқсатынсыз бір ұйымда еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартылуы мүмкін шетелдік азаматтардың санын нақтылау үшін әзірленді. Енгізілетін өзгерістерге сәйкес жүз пайыздық шетелдік қатысу үлесі бар қазақстандық заңды тұлғалар өздерінің жарғылық капиталына квотадан тыс жұмысқа тек бірінші басшыны және оның бір орынбасарын ғана қабылдай алады.

Түзетулер жобасы «Ашық НҚА» порталында мына сілтеме бойынша орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15529422.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив