Cемей32°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
473.59 544.68 5.94

Таза Қазақстан: 2025 жылдың басынан бері 159 мың әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

21-05-2025, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде "Таза Қазақстан" ауқымды экологиялық акциясы өткізілуде. Ол таза және қауіпсіз орта құруға, заңсыз қоқыс орындарының алдын алуға бағытталған. 

Іс-шараға жеті мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылған. 1100-ден астам мобильді топ жұмыс істейді. 

2025 жылдың басынан бері 159 мың әкімшілік құқықбұзушылық және 1074 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды. 

Жалпы "Таза Қазақстан" акциясы басталғалы бері (2024 жылдың сәуірінен бастап) 1802 стихиялық қоқыс орны анықталды. 441 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. 

Жергілікті атқарушы органдарға бұзушылықтарды жою туралы 1268 ұйғарым жолданып, олар бойынша 1041 қоқыс үйіндісі жойылды. 

- Азаматтарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, тазалық пен тәртіпті сақтауға шақырамыз. Белгіленбеген жерлерде қоқыс тастамаңыздар. Тек бірлесіп қана біз елімізді таза әрі қауіпсіз ете аламыз, - деп атап өтті ІІМ.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив