Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
525.28 607.85 6.47

Абай облысынан Моңғолияға әуе рейсі ашылуы мүмкін

21-05-2025, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының әкімі Алтай қаласындағы жұмыс сапары барысында Моңғолияның  Баян-Өлгей аймағы губернаторының орынбасары Бақытжан Қағбатұлы бастаған делегациямен кездесті.

Баян-Өлгей аймағының өкілдері кездесуде Семей мен Баян-Өлгей қалалары арасында әуе рейсін ашу, мал шаруашылығы өнімдерін өткізуге, туризмді дамытуға қатысты ұсыныстарын айтты.

«Екі ел арасындағы ынтымақтастықты жандандыруға дайынбыз. «Баян-Өлгей-Семей» бағытында әуе рейстерін ашу бойынша екі ел Үкіметінің Сыртқы істер министрлігінің деңгейінде тезірек шешілуіне ықпал ететін боламыз. Сондай-ақ Семейдегі ет комбинатына мал етін тасымалдауды ұлғайту бойынша ұсыныстарыңызды қолдаймыз. Және екі ел арасындағы туризмді дамытуға мүдделіміз», - деді облыс әкімі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив